Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жеткен. Соның ішінде қалалықтар 10 597,2 мың (57,8 пайыз) және ауыл тұрғындары 7 737,1 мың адам (42,2 пайыз) болды.
«2017 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда халық саны 237,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Ең көп өсім республикалық маңызы бар қалаларда: Шымкентте 67 429 адам, Алматыда 55 139 адам және Астанада 40 113 адам тіркелді», — делінген ведомствоның хабарламасында.