Мемлекет басшысы Astana Club отырысы аяқталғаннан кейін Ауғанстан Ислам Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгімелесу барысында бүгінгі жиында көтерілген бастамаларға орай өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ауған еліндегі қақтығыстарда тараптардың мәмілеге келу проблемасына баса мән берілді.