Басты бетЖаңалықтарАлматыда "Цифрлық...

Алматыда «Цифрлық Қазақстан» нысандарымен танысу бойынша жұмыс кеңесі өтті

Президент Жолдауын орындау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметінің қоғамдық кеңесі мүшелері Алматыдағы Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес құрылған объектілермен танысу мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізді.

Алматы ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, онда қаланың мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылы туралы және жергілікті атқарушы органның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі объектілерді, орталықтарды құру туралы мәселелер қаралды.

Объектілер қала азаматтарына мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау үшін ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етілген.

Цифрландыру Алматы
Фото: Алматы ішкі саясат басқармасы

«Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін, мемлекеттік және құқық қорғау органдары жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге және халық тарапынан оларға деген сенімді арттыруға мүмкіндік беретін Құқық қорғау қызметтері орталығының азаматтармен жұмыс форматы зерттелді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қала тұрғындары мен бизнесті қанағаттандыру және оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында нысандар жаңартылып, кейіннен Алматының салық қызметтерін көрсету орталықтары ашылды, оларға қызмет көрсету «кедергісіз» қағидатқа ауыстырылды.

Қалада халыққа көмек ретінде әкімдіктің қоғамдық қабылдауы Open Almaty жұмыс істейді, ол — халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс принципі бойынша қамтамасыз етілген өмірлік жағдайларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған мекеме.

Цифрландыру Алматы
Фото: Алматы ішкі саясат басқармасы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Серікжан Қанаев цифрландыру процестерін жүзеге асыру және азаматтарға сапалы қызмет көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту рәсімін қамтамасыз ету саласындағы Алматының жетістіктері мен нәтижелері жоғары екенін атап өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілері жаңа қызметтік куәліктерін (ID-карта) енгізу жөніндегі пилоттық жобасын біртіндеп іске асыруға назар аудару қажет екенін түсіндірді.

Агенттіктің Қоғамдық кеңесі Алматыдағы көшпелі жұмыс кездесуі барысында агенттік аппаратының басшысы Саян Ахметжанов Алматы бойынша департаменттің әкімшілік ғимаратында ID-картаның және оған енгізілген электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен ЭҚАБЖ жүйесіне кіруді көрнекі түрде көрсетіп, электрондық құжаттардың жобаларына қол қойды. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылады және барлық мемлекеттік қызметші үшін ID-картаны енгізу 2019 жылдан басталады.

Агенттіктің аппарат басшысы Саян Ахметжанов «Е-қызмет» интеграцияланған ақпарат жүйесі арқылы мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына кіріп-шығу үшін деректерді сақтауға мүмкіндік беретін байланыс чипі бар ID карталардың тәжірибелік үлгілері қолданылатыны жөнінде айтты.