Басты бетЖаңалықтарӘуежай қызметкерлері...

Әуежай қызметкерлері Президент Жолдауының іске асырылуын талқылады

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлері ҚР Президенті Жолдауының және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Оларға Жолдаудың негізгі бағыттарын «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалының өкілдері түсіндірді.

Елбасының Жолдауы — нақты міндеттері мен индикаторлары, қомақты қаржыландырылуы мен орындалу мерзімі бар әлеуметтік бағдарлама. Ол халықтың аз қорғалған топтарының күрделі мәселелерін шешуге бағытталған, — деді «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалы басшысының бірінші орынбасары Нұрланбек Әжібаев.

Кездесу барысында жаңа ипотекалық бағдарлама, салықты төмендету, оқу гранттарын арттыру мен студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, шағын несиелеуді кеңейту және елді одан әрі газдандыру сияқты Президент бастамаларының мән-маңызын жан-жақты ашқан аудандық төрағасының орынбасары олардың іс жүзіне асырылуының тетіктері жөнінде айтып, сұрақтарға жауап берді.

Біздің қоғамымыздың әлеуметтік бірлігін одан әрі нығайтуға күш салып және оны ауқымды жобалар арқылы іске асыратын уақыт келді, — деді Нұрланбек Әжібаев.

Әуежай ұжымы да Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру үшін қарқынды жұмыс істеп жатыр. Бүгінде жолаушылар үшін көрсетілетін қызметтердің сапасына көңіл бөлінеді. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Кездесу барысында қатысушылар «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нысанды бейімдеу шарттарымен танысты.