ҚР Ішкі істер министрлігі көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік енгізу мерзімін өзгертті. Жүргізушілерге арналған жаңа куәліктер осы жылдың желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрліктің 2018 жылдың 17 қазанындағы тиісті бұйрығы 5 қарашада жарияланды. Бұйрық күшіне енгенге дейін жасалып, жүргізушілерге берілген техпаспорттар көлік құралы қайта тіркелгенше қолданыла береді.
Чиптарда мынадай ақпарат болады:
- мемлекеттік тіркеу нөмірі;
- куәліктің сериясы мен тіркеу нөмірі;
- куәліктің берілген күні;
- көлік құралының маркасы мен моделі;
- көлік құралының шығарылған күні;
- көлік құралының санаты;
- көлік құралын есептен шығару туралы таңба;
- сәйкестендіру нөмірі (VIN);
- жүктемесіз массасы;
- двигательдің көлемі;
- рұқсат етілген ең жоғарғы массасы;
- көлік құралының түсі;
- көлік құралының иесі;
- көлік құралы иесінің тұрғылықты мекенжайы;
- ерекше таңбалары;
- бастапқы тіркеу уақыты;
- көлік құралын қайта жабдықтау түрі туралы мәлімет;
- басқа да мәліметтер.