2019 жылғы оқу жылында Астананың Байқоңыр ауданында екі жаңа мектеп ашылады. Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Қаналимов тұрғындар алдында есеп беру кезінде айтты.
Әр мектеп 900 оқушыға шақталған. Олар Астананың Сейфуллин — Омаров және Иманов — Брусиловский көшелерінің қиылыстарында салынып жатыр.
Аудан әкімінің айтуынша, келесі жылы №8 орта мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Аталған оқу орнының оқушылары әзірге қаланың басқа үш мектебінде оқып жатыр.
Қазіргі уақытта ауданда 2 ЖОО, 8 колледж, 18 мектеп пен 16 мемлекеттік балабақша бар. 2019 жылы 6 балабақша жөндеуден өтеді деп жоспарланған. 18 мектеп жанына жол таңбалары мен бағдаршамдар орнатылмақ.