Мешіт жамағатына экстремизм мен терроризмге қарсы тұру туралы заң нормалары түсіндірілді

Мешітке келушілер діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру туралы заңнаманың өзгертілген нормаларымен танысты.

Музамиль, Музамиль және Әскер ата мешіттерінде «Дін қатынастары және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісты Алматы қаласының дін істері жөніндегі басқармасының тапсырмасымен «Перспектива» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Дәрісте мемлекеттің діни мотивацияланған экстремизмге қарсы тұруға бағытталған шараларын күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістермен байланысты өзекті мәселелер түсіндірілді.

Шара соңында мешітке келушілерге қазақ және орыс тіліндегі үлестірмелік материалдар таратылды.

Исламтанушы, PhD докторы  Алмасбек Шәгірбаев пен «Перспектива» ҚҚ психологы Румилям Мансурова азаматтарға діни, құқықтық түсінік беріп, сұрақтарына жауап берді.

Қалалық дін басқармасы қарапайым адамдардың экстремистік топтардың жетегінде кетіп қалмауы үшін, мемлекеттің діни позициясының дұрыс екенін ұғындыру мақсатында көптеген жұмыс атқарып жатыр, -дейді исламтанушы.