Қыркүйек айының соңында Қазақстандағы екінші дәрежелі банктердің табысы 506,1 миллиард теңге болды. Қаржы ұйымдары үшін бұл — соңғы бес жылда ең жоғарғы көрсеткіш. Бұл туралы Finprom.kz сарапшылары жария етті.
Бір жыл бұрын көрсеткіш 122,8 миллиард теңгеге аз болды. Оған Qazkom, Еуразиялық банк пен Delta Bank табысының азаюы себеп. Бұл банктердің екеуі қазір нарықта жоқ. Еуразиялық банк биыл, керісінше, айтарлықтай табысқа жетті — 9,4 миллиард теңге.
2018 жылдың қыркүйегіне қарай «Халық банкінің» табысы 208,3 миллиард теңге болды, бұл — анағұрлым жоғары көрсеткіш. Табыс сомасы былтырмен салыстырғанда 86,7%-ға жоғары.
Kaspi Bank табысы 76,7 миллиард теңге болды, бұл былтырмен салыстырғанда 95,3%-ға жоғары. Үздік үштікке «Сбербанк» та кіріп отыр, табысы 33,6 миллиард теңге, былтырмен салыстырғанда көрсеткіш 241,1%-ға артқан.
Бұдан кейінгі орындарда 22,8 миллиард теңге тең табыс көлемімен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен «Ситибанк Казахстан» тұр.
Табысының бір жыл ішінде артуы жағынан «ВТБ» банкі көш бастап тұр — көрсеткіші өткен жылға қарағанда 6 есе жоғары — 3,8 миллиард теңге.
Екінші орында — RBK банкі. Табыс сомасы — 18,4 миллиард теңге, көрсеткіш бір жыл ішінде 6 есе өскен.
Tengri Bank табысының бір жыл ішінде 0,5 миллиардтан 2,7 миллиард теңгеге дейін, яғни 5,5 есе өсуімен үшінші орынды иеленіп отыр. Төртінші орында — «Сбербанк» (33,6 миллиард теңге, яғни былтырғыдан 3,5 есе жоғары), бесінші орында — First Heartland Bank (2,3 миллиард теңге, былтырғыдан 3 есе жоғары).