Басты бет Жаңалықтар Қараша айында ауа райы қандай болады?

Қараша айында ауа райы қандай болады?

Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасының өзгеруі мен жауын-шашын мөлшері айлық норма шамасында болады.

Фото: Ru.pinterest.com

«Қазгидромет» РМК қараша айындағы ауа райы туралы болжамын жария етті.

Мамандардың мәліметінше, қарашада ауаның орташа айлық температурасы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1 градусқа төмен, ал қалған аймақтарда айлық норма шамасында болады.

Айдың ортасында және соңғы онкүндігінде ауа температурасы солтүстікте 15, оңтүстікте 7 градус аязға дейін төмендейді.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының солтүстік бөлігінде нормадан аз, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстік бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында нормадан жоғары, ал қалған аймақтарда норма шамасында болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version