«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бүгін тағы да ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын жауады, тек батыс пен оңтүстік-батыста күн ашық болады. Өңірлерде жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.
Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады, жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді.
Ақмола облысының жолдарында көктайғақ, бұрқасын болады, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында тұман түседі, жел күшейеді, көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады, жел секундына 20 метрге дейін күшейеді.
Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Қарағанды облысында көктайғақ болады.
Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарында көктайғақ, бұрқасын мен желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды.