Басты бет Жаңалықтар Қытай компаниялары қазақстандық май мен балыққа қызығушылық танытып отыр

Қытай компаниялары қазақстандық май мен балыққа қызығушылық танытып отыр

Қазақстанның Қытайдағы сауда-экономикалық миссиясы Сианьда өткен жыл сайынғы VII Халықаралық сатып алу көрмесінің бір бөлігіне айналды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Фото Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметінен

Көрмеге Қытай тарапынан 30-дан астам компания қатысты. Олар ауылшаруашылық өнімдерінің импортына, қазақстандық май мен балыққа қызығушылық танытып отыр. Қытай еліне ұн өндірушілерді қоса алғанда, дәл осы тамақ өнімдерімен айналысатын компаниялар барған болатын.

Сауда-экономикалық миссиясын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Қытайдың Халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті ұйымдастырды.

Іс-шара барысында екі елдің бизнес-қауымдастықтары инвестиция, логистика және сауда салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор мәселелерін талқылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version