Басты бет Жаңалықтар Өзбекстандағы көрмеде Қазақстанның ұлттық стенді жоғары бағаланды

Өзбекстандағы көрмеде Қазақстанның ұлттық стенді жоғары бағаланды

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Ташкентте "Сауда мен инвестицияны дамытудағы жаңа көкжиектер" ұранымен өткен VIII Орталық Азия сауда форумына қатысты.

Фото: Сatradeforum.org

Форум аясында көлік, туризм, ақпараттық технологиялар, жабдық, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру және қайта өңдеу және тағы басқа секторлардың сауда көрмесі болды. Оған Орталық Азияның 100-ден астам кәсіпорны қатысып, өнімдері мен қызметтерін ұсынды.

Сауда көрмесінде Қазақстан бірыңғай ұлттық стенд ұсынды. Құрылыс, машина жасау секторында кабель-өткізгіш өнімдері, агроөнеркәсіп секторында халықтық тұтыну тауарлары, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнімдері қойылды. Сонымен қатар көрменің медициналық бағыттағы заттар секторына қазақстандық 29 тауарөндіруші қатысты.

Көрменің негізгі мақсаты тікелей байланыстарды реттеу, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда-саттық қатынастарын арттыру және бизнес топтардың екіжақты кездесулерін ұйымдастыру болды.

Көрме кезінде қазақстандық өндірушілерге олардың өнімдеріне қызыққан тараптардан ұсыныс түсе бастады. Бұл болашақта өндірісті дамытуға және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның ұлттық стендін көруге форумды ұйымдастырушылардың өкілдері — Орталық Азиядағы USAID миссиясының өңірлік директоры Кристофер Эдвардс, АҚШ-тың Қазақстандағы Бас консулы Эрик Майер, АҚШ-тың Өзбекстан Республикасындағы елшілігінің істері жөніндегі уақытша сенімгері Алан Мельтцер, Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Нодир Отажанов келді.

Форумды ұйымдастырушылар Қазақстан ұсынған стендтердің жоғары сапасын, көрнекілігін және ақпараттық сыйымдылығын бағалады. Компаниялар заманауи стандарттарға жауап беретін және жоғары сапалы өнім өндіретін сенімді бизнес-серіктестер ретінде казақстандық өндірушілердің имиджін одан әрі нығайтуға үлес қоса алды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version