Басты бет Қоғам ҚР ҰҚК діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 10 адамды ұстады

ҚР ҰҚК діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 10 адамды ұстады

Ұсталғандар экстремистік контент таратып, терроризмді насихаттаған.

Бейтарап фото: Inforesist.org

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматының және Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарының 10 тұрғынын ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Олар интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктеліп отыр, — делінген хабарламада.

террорист
Фото ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен

Тергеу іс-шаралары басталды. Қазір ұсталған адамдардың терроризмге қаржылай және басқалай қолдау көрсетуге қатысы тексеріліп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары арасынан барлығы 180-нен астам адам тіркеуде тұрған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version