Басты бет Жаңалықтар Террористік әрекеті үшін іздеуде болған қазақстандық Грекиядан экстрадицияланды

Террористік әрекеті үшін іздеуде болған қазақстандық Грекиядан экстрадицияланды

Халықаралық іздеуде болған Дастан Хайсин Афинадан Астанаға жеткізілді.

Сириядағы террористік әрекетке қатысқан Қазақстан азаматы Грекия астанасынан экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандарының мәліметінше, бүгін — 2 қазан күні ҚР ҰҚК мен Бас прокуратура қызметкерлері Қарағандыда туып-өскен Дастан Хайсинді Афинадан Астанаға жеткізді.

Ол 2015 жылдан бастап Сирия аумағында террористік әрекетке қатысқаны үшін халықаралық іздеуде болған, — делінген хабарламада. 

Дастан Хайсин қазақстандық арнайы қызметтер мен прокуратура органдарының Қазақстанның Грекиядағы елшілігінің қолдауымен жүргізген жұмысының нәтижесінде ұсталып, экстрадицияланып отыр.

Хайсин қамауға алынды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде, — делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version