Джакартадан ұшып шыққан Boeing 737 апатқа ұшырады

Lion Air әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы Индонезия астанасындағы әуежайдан көтерілгеннен кейін апатқа ұшырады.

Ұшақ 29 қазан күні жергілікті уақыт 06.20-да (Астана уақыты бойынша сағат 05.20) көкке көтерілгеннен кейін 10 минуттан соң радардан көрінбей кеткен. Boeing 737 Джакартадан Панкалпинанг қаласына рейс орындамақ болған.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, лайнер Ява теңізінің үстінде жоғалған. Ұшақта 189 адам болған.

ДереккөзTengrinews.kz