Қызға құрмет – иманнан

Қазақ халқы қызды болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп, оның тәрбиесіне баса мән береді. Қазақтың дәстүрлі дінінде "Қыз - әкесін тозақтан қорғаушы, әйел - күйеуінің иманының жартысы, жәннат ананың табанының астында" деп нәзік жан иесін ерекше құрметтеген. Ұлттың айнасы - қыз баласы туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер қаншама?! Дәстүрлі дін әдебінде әйел заты қандай болуы керек? Бұл туралы қазақ халқының аталы сөздерінде не айтылған? Ендеше назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақ қызды қонақ деп, төрінен орын беріп, қадірлеп өскен халық. Нәзік жандарды келешек ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі деп сыйлаған.

Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz

Қазіргі қоғамда қыз бала туса, ренжіп, көңіл бөлмей жататын жағдайлар жиі кездесіп жатады. Алайда қыз бала туғанда ренжу, әсіресе анасын айыптау – үлкен қате. Халық арасында «Жетелі қыз жеті ұлға татиды» деген де сөз бар.

Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz

Қазақ қоғамындағы басты байлық адам болса, ақылды да иманды, парасатты да тəрбиелі қыздар – ортаймайтын ең құнды қазына. «Қоғамды тəрбиелеймін десең, қызыңды тəрбиеле» деген қағиданың мəні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты.

Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz

Қыз – жайқалған гүл. Қалай баптасаң, сондай болып өседі. Қыздың бойында ұят, намыс, инабат, адамгершілік, ұяңдық болуы тиіс. Қазақ ықылым заманнан қыз баласын намысым, арым, ұятым деп қадірлеген.

Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz

Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!