Алматыда әртүрлі дін өкілдері спорттың алты түрінен өзара мықтыны анықтады. Сайыс Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен қолға алынған «Асыл мұра» бағдарламасы аясында өтті.
Алматы ақпараттық-спорттық хабының хабарлауынша, Рухани келісім күніне арналған жарыстар «Нархоз» университеті стадионында спорттың алты түрі бойынша өтті.
Түрлі діни конфессияның 500-ге жуық өкілі шағын футбол, арқан тарту, қол күресі, гір көтеру, шаxмат және жеңіл атлетикадан бақ сынады.
Шаxмат спортынан 8 жастағы Дамир Әділбеков жеңімпаз атанды. Ол сайысқа қатысқандардың арасындағы жалғыз бала болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Асыл мұра» бағдарламасы қаладағы мешітке келуші жамағат арасында бұқаралық спортты дамытып, оларды салауатты өмір салтына бейімдеу мақсатында жүзеге асырылып жатыр.