Басты бет Жаңалықтар «7-20-25» бағдарламасы бойынша ай сайынғы орташа төлем көлемі белгілі болды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша ай сайынғы орташа төлем көлемі белгілі болды

Қазақстандықтардың көбі 15 миллион теңгеге дейінгі сомада кредит рәсімдеген.

Фото: Kn.kz

«7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотека алғандардың басым көпшілігі айына 100 мың теңгеден кем төлейтін болып шықты. Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандардың есебінше, заем алушылардың 60%-ы ай сайын 100 мың теңгеден кем сома төлейді. «7-20-25» бағдарламасы бойынша заем алушылардың 6%-ына ғана ең жоғары сома тиесілі  (Астана, Алматы, Атырау, Ақтау мен Шымкентте 20 миллион теңге, басқа аймақтарда 12 миллион теңге). Заем алушылардың қалың көпшілігі — жалпы портфельдің 37%-ы, 10-нан 15 миллион теңгеге дейінгі сомада кредит рәсімдеген.

Бағдарлама өзінің әлеуметтік бағдарын толық растады. Алайда «7-20-25» ең алдымен мерзімділік, төлем қабілеттілік және қайтарым принциптеріне негізделген ипотека екенін ұмытпауымыз керек. Ол банк алдында өзінің төлем қабілетін дәлелдеген, жұмыс істейтін қазақстандыққа қолжетімді, — деді «Баспана» ипотекалық ұйымы басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

24 қазан күнгі жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасы бойынша бір де бір қайтарылмаған қарыз жоқ. Қазақстандықтар 44,5 миллиард теңге сомасына өтініш берген. Банктер оның ішінен сомасы 30 миллиард теңге болатын 2513 өтінімді мақұлдаған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version