Басты бет Жаңалықтар «7-20-25» қазақстандықтар арасында қаншалықты танымал?

«7-20-25» қазақстандықтар арасында қаншалықты танымал?

2018 жылдың мамыр мен тамыз айларының аралығында ақпараттық кеңістікте "7-20-25" бағдарламасы 28 487 рет аталған. Бұл туралы Ranking.kz дайындаған медиасараптама негізінде "Баспана" ипотекалық ұйымының сыртқы коммуникациялар қызметі мәлімдеді.

Фото: Azh.kz

Қазақстандықтар «7-20-25» туралы көбіне әлеуметтік желілерде жазған. Әлеуметтік желілердің үлесі 83,3% болса, БАҚ үлесі 12,9%, мессенджерлер 2,75%, блог пен форумдар шамамен 1% болды.

Соңғы айдың көрсеткіші бойынша «7-20-25» бағдарламасы «Нұрлы жер» бағдарламасынан сегіз рет көбірек аталған.

Сарапшылар қазақстандықтарды «7-20-25» бағдарламасы аясында көбірек толғандыратын тақырыптарды да анықтады. Оған алғашқы жарнаны жинау, үй табу, төлемқабілеттілігін растау бойынша қиындықтар кіреді. Сонымен қатар отандастарымыздың біразы қолданыста болған ескі үйлерді бағдарламаға енгізу бойынша ұсыныстарын білдірген.

Қазір алғашқы жарнаны 10 пайызға арзандату мақсатында «Жас арман» мен «Қамқор баспана» өнімдері әзірленіп, олар Шымкент пен Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Аймақтардағы құрылыс қарқынын жандандыруға 150 миллиард теңге бөлініп, қолданыста болған үйлерге ипотекалық несие беру мақсатында жылдық ставкасы 10,75 пайыз «Баспана Хит» өнімі әзірленді.

Қазақстандықтардың көңіл-күйін жіті бақылап, қандай да бір өтініштер мен арыздар бойынша дер кезінде шара қолданып келеміз. Соның нәтижесінде азаматтар «7-20-25» бағдарламасының орындалу барысына оң баға беріп жатыр, — деді «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

Медиасараптама бойынша «7-20-25» бағдарламасына қатысты сыни ақпараттар үлесі 7 пайыздан аспаған. Ал ортақ есеппен бір айда бағдарлама туралы ақпаратпен 2,5 миллион азамат қамтылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version