Басты бетЖаңалықтарАлматылық магистранттар...

Алматылық магистранттар мен докторанттар Жолдауды талқылады

Енді жоғары оқу орнының беделі бітірген студенттерінің жұмыспен қамтылуы, жалақысы көп жұмысқа орналасуымен өлшенеді. Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова алматылық жас ғалымдармен Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау барысында айтты.

ҚР Президенті халыққа Жолдауында жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілгені айтқан еді.

Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді. Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі — оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы, — делінген Жолдауда.

Зарема Шәукенованың айтуынша, Президенттің халыққа арнаған әр үндеуінде немесе Жолдауында жастардың өмірін жақсартып, білімін арттыруға бағытталған тапсырма береді. Оған Президенттің жаңа Жолдауы, 5 наурызда шыққан «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі дәлел бола алады. Келесі жылды «Жастар жылы» атауы да тегін емес.

Сонымен қатар Зарема Шәукенова мектеп түлектеріне мамандық таңдауға байланысты кеңес берді.

Бізде оқу бітірген студенттердің барлығының жұмысқа орналасуына жағдай жасалып жатыр. Бірақ мәселенің басқа жағы бар. Жастар өздерінің қайда баратындарын нақтылауы тиіс. Кезінде заңгерлер мен экономистер көбейіп кеткені естеріңізде шығар? Сол сияқты сұранысқа ие емес, қажетсіз маман болмауы керек. Маған бүгінгі жиында ұнағаны — жолдауды талқылау барысында жас ғалымдардың Елбасы айтқан тапсырмаларды жақсы түсінуі, — деді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова.