Теңге нығая бастады

Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 363,6 теңгеге дейін нығайды.

17 қазандағы таңғы сауданың бірінші мәмілесі 366,2 теңге деген бағаммен жасалды. Бұл — ең жоғарғы баға. Ең төменгі құны — 362,8 теңге.

Сауданың жалпы көлемі 71,5 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, айырбастау пункттерінде долларды 362-363,5 теңгеден сатуға, 363,8-365,5 теңгеден сатып алуға болады.

ДереккөзTengrinews.kz