Басты бетЖаңалықтар"Алтын жүрек-2018"...

«Алтын жүрек-2018» сыйлығына кімдер ұсынылып отыр?

Алматыда «Алтын жүрек» сыйлығының номинанттары анықталды. Биыл байқауға барлығы 300 өтінім келіп түсті.

Baurzhan қайырымдылық қорының журналисі Томирис Керімқұлованың хабарлауынша, «Алтын жүрек» атына лайық үміткерлерді саралау барысында келіп түскен өтінімдердің ішінен әр номинация бойынша үш адамнан анықталды:

  1. «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» номинациясы: Damiani зергерлік бренді (Италия), Ольга Батутина, Илья Байбулатов (Мәскеу, РФ), Виктория Акатьева-Костылева (Санкт-Петербург, РФ).
  2. «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы: Елдар Әбдіразақов (Алматы), Асылбек Қожахметов (Алматы), Samsung Electronics Central Eurasia (Алматы).
  3. «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясы: Роза Әлімханова (Қарағанды), Айнұр Тәжина (Астана), Иманғазы Ибатұлы (Атырау).
  4. «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» номинациясы: «Қазхром» ТҰК» АҚ (Ақтөбе), Сейдахмет қалтаев (Тараз), Сырым Пердебаев (Приозерск).
  5. «Жыл ұйымы» номинациясы: «Харекет» ҚҚ (Алматы), «Дети Рисуют Мир» ҚҚ (Алматы), «Рахат» АҚ (Алматы).
  6. «Ақпараттық қолдаушы» номинациясы: Tengrinews.kz (Алматы), «КТК» (Алматы), Bestdoctor.kz (Астана).
  7. «Жыл меценаты» номинациясы: Алпамыс Шаримов (Орал), Бағдат Сәмединова (Алматы), Сергей Глушков (Первомайский).
  8. «Спортты дамытып, қолдағаны үшін» номинациясы: Марал Итеғұлов (Ақтөбе), Александр Винокуров (Алматы), Арман Машимов (Семей).
  9. «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін» номинациясы: Айжан Сқақова (Алматы), «Тазалык» экологиялық жобасы (Алматы), «Tele2 Казахстан» (Алматы).
  10. «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы: Анар Ахметцина (Ақтөбе облысы), Андрей Савчук (Астана), Гүлнәр Қабылбекова (Үштөбе).
  11. «Жылдың қайырымды адамы» номинациясы: Болат Өтемуратов (Алматы), Александр Касицын (Павлодар), Қайрат Кұдайбергенов (Алматы).
  12. «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы: «Смелость быть первым» КҚ (Алматы), Нұржан Әлжанова (Алматы), «Шинхан Банк Казахстан» АҚ (Алматы).

Байқау жеңімпаздары 27 қазан күні анықталады. «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының ұйымдастырушылары 12 жыл қатарынан еліміз бойынша нағыз мейірбан, жаны жомарт жандарды іздеп келеді. Қайырымды азаматтарды ел алдында марапаттап жүр. Марапаттау салтанаты Baurzhan қорының бастамасымен, «Нұр Отан» партиясы, «ПетроКазахстан» АҚ және Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Байқау жеңімпаздары 27 қазан күні марапатталады.

Осы жылдар ішінде «Алтын жүрек» қазақстандықтар арасында мейірімді әрі атымтай жомарт жандар көп екенін байқатып келеді.

Жыл сайын ұйымдастырушылар комитеті қайырымды адамдар жасайтын тарихтың куәсі болады. Байқасаңыз, алтын жүректі адамдардың қатары толып келеді. Бұл — қуантарлық жайт. Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандардың жан-айқайын жерге тастамай, барынша қамқорлық жасалып, үлкен жұмыс атқарылып келеді. Біз осы көмекті жүзеге асыратын қайырымды адармарға алғыс білдіруден шаршамаймыз! — деді жоба жетекшісі Гүлзат Сахова.

"Алтын жүрек"
Фото: Baurzhan қоры

«Алтын жүрек» сыйлығымен биыл бірінше рет танысып, үлкен тарихына үңілуге мүмкіндік алдым. Мұндай жобалар өте қажет, себебі олар — адамдарды игі істерге итермелеп, қоғамды алға қарай жылжытатын мықты күш. Өзім қайырымдылықпен айналысатын болған соң мұндай жобарлар маған өте қызық. Барлық номинацияны қарастырдым, денсаулық сақтау саласындағы жасалған қайырымды істер көңілімнен шықты, — дейді Алмаз Шарман.

Қайырымдылық сыйлығына үміткерлерді іріктеуге арналған соңғы қоғамдық кеңеске  қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Олардың қатарында саясаткер Расул Жұмалы, Mary Kay Kazakhstan бас директоры Константин Кулинич, кәсіпкер, қоғам қайраткері, қайырымдылық жобаларының авторы, балаларға арналған «Үй ошағының сиқырлы ертегілері» жобасының авторы Виктория Моминбаева, Ecо Kultura ҚҚ жетекшісі, әлеуметтанушы Алеся Нугаева және басқалар бар.

Қазіргі таңда қоғамда адамдар арасында жылулық сиреп барады. Осы мәселені ескеріп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қарт адамдар мен ардагерлерге көмектесіп жүрген адамдарды анықтап алып, оларға құрмет көрсету — менің ойымша, өте дұрыс. «Алтын жүрек» сыйлығы — философиясы мен қағидалары жетілген, адамдар арасында насихаттауға тұрарлық мән-маңызы бар үлкен жоба, — дейді Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов.