Петропавлда жаңа теннис орталығы ашылды

Бүгін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Петропавлда әмбебап теннис орталығы ашылды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен ForteBank спорт нысанына 1,7 миллиард теңге инвестиция салған.

Жергілікті әкімдік пен қаржы ұйымының табысты әріптестігінің үлгісі іспетті болған нысанның құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталып, бүгінде жайлы спорт орталығы қалалықтарға пайдалануға берілді. Бұл жобаға елдегі балалар теннисін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқан Қазақстан теннис федерациясы бастамашы болғанын айта кеткен жөн.

Фото: ForteBank

Қазақстанда теннис ойыны жоғары деңгейде танылып келеді. Жаңа орталықта 250-ден астам бала шұғылданады. 2019 жылдың бірінші жартысында Петропавлда ATF сериясы турнирі, ал 2019 жылдың екінші жартысында ITF сериясы халықаралық турнирі өтеді. Енді спортшы жеткіншектер еліміздегі турнирлерге қатысып қана қоймай, жақын және алыс шетелдердің кәсіби теннисшілерін бақылауға мүмкіндіктері бар, – деп түсіндірді теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.

Барлық халықаралық талапқа сай спорт орталығы Мұз сарайының жанында орналасқан. Қазіргі екі қабатты кешенге төрт жабық және үш ашық корт, 1 200 көрерменге арналған трибунасы бар орталық корт кіреді.

Фото: ForteBank

Біз осындай маңызы зор және әдемі жобаның қатысушысы болғанымызға қуаныштымыз. Әлеуметтік жобаларды қаржыландыру біздің қызметіміздің маңызды құрамдас бөлігі, жаңа спорт орталығы кәсіби спортшыларды даярлау бойынша қазіргі заманғы жаттығу базасы ғана емес, Петропавл тұрғындары арасында танымал
болады деп сенемін, — дейді Гурам Андроникашвили салтанатты рәсімде.

Елбасы тапсырмасымен қолға алынған Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясындағы әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асыру – бірегей теннис орталығын салу біздің банкпен ынтымақтастығымыздың бір мысалы, ол бүгінгі күннен бастап қала тұрғындарына жайлы теннис корттарында, волейбол және баскетбол алаңдарында уақыт өткізуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Жаңа спорт кешенінде кәсіби және әуесқой тенниспен айналысу үшін барлық жағдай жасалған: душы бар киіну-шешіну бөлмелер, кафе, жаттығу залы, теориялық сабақтарға арналған конференц-зал.