11 қазандағы ауа райына болжам

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, облыстарында жел екпіні 15-20, күндіз кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола облысында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысында, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 17-22 м/с күшейеді. Түркістан, түнде және танертең Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.

Манғыстау облысында, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей  жерлерінде өрт шығу қауіпі бар.