Астанаға жылу берілді

Астанада ресми түрде жылу маусымы басталды. Қаладағы көпқабатты үйлер жылуға қосылды. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жылу беру процесі бірнеше күнге созылады. Бүгінге дейін өтініш бойынша жылу жабдығына әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық 127 нысан қосылып үлгерді. Жылу 18 денсаулық сақтау объектісіне, 72 балабақшаға, 16 мектепке, 11 оқу орнына, 3 мәдени нысанға берілді.

Астанада қазір көмір қоры — 332 606 тонна, оның ішінде ЖЭО-1 — 50 679 тонна, ЖЭО-2 – 281 927 тонна. Мазут қоры — 5 770 тонна, Оның ішінде ЖЭО-1 — 3 203 тонна (қосымша резерв – 5 382 тонна) және ЖЭО-2 — 2 567 тонна.