Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар туралы мәліметті жария етті.
28 қыркүйекте Қазақстан Президенті Душанбеде өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.
Басқосуда тараптар Достастық мемлекеттері ықпалдастығының келешегіне қатысты ой-пікір алмасып, ұйым жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру мәселесін қарастырады, — делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының саммитте бірқатар екіжақты кездесу өткізуі жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына және Шымкентке барады.