ақпараттық қызметтер
Фото: Netcommunity.gsu.edu

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда ақпараттық қызметтердің көлемі 50,3 миллиард теңге болып, өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 13,6%-ға артты.

EnergyProm сарапшыларының мәліметінше, қызметтердің 51,8%-ы Астана компанияларына көрсетілді. Ал 33,3%-ы Алматыға тиесілі. Қалған 15%-ға жуығы басқа аймақтарда көрсетілген.

Ақпараттық қызмет секторының төрттен үш бөлігі деректерді орналастыру және қайта өңдеуге бағытталған (жарты жылда 38,3 миллиард теңге, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артты). Ал веб-порталдар қызметтері 7,6% болды (3,8 миллиард теңге, өткен жылдық көрсеткіштен үштен бірге асады).

Еске сала кетейік, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру есебінен 2,5 мың мемлекеттік қызметкерді қысқартып, жалақыны көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов айтты.

Зор сұранысқа ие қызметтерді электрондық форматқа үдемелі аудару жұмыстары жүріп жатыр. Қызметтердің 78%-ы «Электрондық үкімет» пен ХҚКО арқылы жүргізіледі. Бұл тұрмыстық коррупцияны айтарлықтай азайтты. Басты мақсат — онлайн-қызметке толықтай көшу. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелердің интеграциясы 30%-дан асты. Электрондық қызметтерді даму көрсеткіші бойынша Қазақстан 25-орында.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!