Министрлік өкілдерінің мәліметінше, әр мектеп пен мектепке дейінгі мекеме өкілдері гаджеттерді қолдануға тыйым салу, салмау жөнінде өздері шешеді.
Білім беру туралы Заңның 43-бабына («Білім беру ұйымдарының құзыреті») сәйкес, білім беру ұйымы оқу-тәрбие процесін қалай жүзеге асыру керектігін өз бетінше шешеді. Ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту де мекеменің құзыретінде», — дейді Білім және ғылым министрлігінің өкілдері.
Министрлік өкілдері оқушылардың смартфон немесе смарт-сағаттар қолдануы туралы мәселенің білім беру мекемесінің ішкі тәртібі бойынша реттелетінін де айтып өтті.