Ғабит Байжанов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ғабит Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды.

Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылсын, — делінген Президент жарлығында.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Сартаевқа «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелді.

Мемлекет басшысының өкімімен Жанат Шаймерденов «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Шайхутдинов ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.

Президенттің өкімімен Күзембек Әденов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.