Тест: Қазақтың ырым-тыйымдарының мағынасын білесіз бе?

Ырым-тыйымдар қазақ халқының салт-дәстүріне, тұрмыс-тіршілігіне еніп кеткен. Сол арқылы бала тәрбиелеп, жаман әдеттерден, қауіп-қатерден сақтанып отырған. Алайда адамдар ырымдарды ескіліктің көрінісі деп сенуден қалған. Ендеше қазақтың әр ырымының астарында терең мағына барын baribar.kz-тің тестін шешу арқылы біле аласыз.

0%

Қазақтар қай кезде ырыс-несібе кемиді деп есептеген?

Дұрыс! Қате!

Шәугімнің шүмегін есікке қаратып қойса, ырыс-несібе кемиді деп есептеген.

Есіктің босағасын керіп, табалдырықта тұруға не себепті тыйым салған?

Дұрыс! Қате!

Елге жау шапқанда ғана үй иелері есіктің босағасын керіп, табалдырығында тұрып алатын болған.

Бала көтере алмай жүрген келіндерге қандай ырым жасаған?

Дұрыс! Қате!

Қазақта кіндік кесу рәсімінен кейін кіндіктің кішкене бөлігін етпен қоса қуырып, бала таппай жүрген келіншектерге ырымдап жегізетін болған. Тіпті сүндетке отырғызғанда алынатын кесіндіні білдіртпей жегізіп, бала болсын деп ырымдаған.

Қазақ халқында түнде сандық ашуға болмайды деген ырым бар. Қатты қажет жағдайда қалай ашқан?

Дұрыс! Қате!

Түнде сандықты ашуға болмайды. Адам қазасы болады деп қорыққан. Өте қажет болған жағдайда «жылан кіріп кетті» деп айтып ашады.

Үйде құмырсқа көбейіп кетсе, қазақтар қандай амал қолданған?

Дұрыс! Қате!

Киізүйде құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды.

Өлген адамды жоқтағанда әйелдер неге шашын жайып жіберіп жылайды?

Дұрыс! Қате!

Әйелдер жоқтау айтып жылағанда шашын жайып жіберіп жыласа, ішіндегі шері тарқайды деп ырымдаған. Сонымен қатар әйел еріне қол жұмсап, ұрысқанда тілдеп, бетке түкірсе. оның ақ некесі бұзылады, өзінен-өзі талақ болады деп есептеген.

Жанып тұрған шырақты неге үрлеуге болмайды?

Дұрыс! Қате!

Қазақтар ертеден отты киелі санаған. Сондықтан жанып тұрған шырақты үрлеген адам ұмытшақ болады деп есептеген.

Қазақ астың иманы деп нені айтқан?

Дұрыс! Қате!

Қазақтар тұзды бейберекет шашпай, қадірлеген. Себебі тұзды астың иманы деп есептеген.

Ас ішкен ыдысты неге төңкеріп қоюға болмайды?

Дұрыс! Қате!

Қазақта ыдыс-аяққа қатысты ырым-тыйымдар көп. Мысалы, ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды. Бұл – несібе осымен бітті дегенді білдіреді. Үйге көршілер ас әкелсе ыдысын бос қайтармаған. Себебі ыдысты бос қайтару көргенсіздік, әдепсіздік саналған.

Жүкті әйелге неге балық етін жеуге тыйым салған?

Дұрыс! Қате!

Жүкті әйелге бала сақау болып туылады деп балық етін, баланы көтеру мерзімі ұзаққа созылады деп түйе етін және ерні жырық болып тумасын деп қоян етін жеуге тыйым салған.

Тест: Қазақтың ырым-тыйымдарының мағынасын білесіз бе?
Жаман емес, дегенмен ырым-тыйымдардың мағынасын біліп жүргеніңіз жөн!

Жақсы, ырым-тыйымдардан хабарыңыз бар екені көрініп тұр!

Өте жақсы, жарайсыз! Осы қарқыныңыздан таймаңыз!

Әлеуметтік желіде бөлісу: