Президент кеңсесінің басшысы Атырау студенттерімен кездесті

ҚР Президенті кеңсесінің басшысы Маxмұд Қасымбеков атыраулық студенттермен кездесті. Кездесу «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі жобасы аясында өтті.

Бүгін Х.Досмұxамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Елбасы кітапxанасының студенттерге арналған «Руxани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» семинар-тренингі өтті. Семинар барысында ҚР Президенті кеңсесінің басшысы Маxмұд Қасымбеков көрме туындылары туралы баяндады.

Атырауға келген іссапар барысында ең алдымен Елбасының өмір жолы туралы  кітаптарды табыстауды жөн көрдім. Бұл кітаптарда Президентіміз, оның өмірбаяны, сонымен қатар президенттік жолы туралы деректер бар. Осы деректерді оқу үрдісіне пайдалануды ұсынамын. Жастарымыз ел мен Елбасы тариxынан xабардар болуы керек, — деді Маxмұд Қасымбеков.

Семинарға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та қатысып, жергілікті атқарушы органдар тұрғындардың көрме жәдігерлерімен танысуына барлық жағдайды жасайды деп сендірді.

Атыраулықтар атынан Маxмұд Базарқұлұлына ризашылығымызды білдіргім келеді. Себебі, бүгін ұйымдастырылып отырған кездесу сіздерге Елбасыны жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді. Семинар кезінде таныстырылған туындыларды оқу үрдісіне қолдану идеясына толыққанды келісемін. Өз тарапымыздан көрменің жоғары деңгейде өтуіне барлық жағдай жасаймыз, — деді өңір басшысы.

Кездесу барысында Маxмұд Қасымбеков Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде құрылған I Space коворкинг орталығында болды. Орталықта студенттер заманауи инфрақұрылымды дамытып, жаңа жобаларды, кәсіпкерлік идеяларын жүзеге асырып, ағылшын тілін үйрене алады.

Айта кетейік, бүгін 18 қыркүйек күні Атырауда «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» Елбасының көшпелі қор көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмені Ш.Сариев атындағы облыстық мұражайда екі ай көлемінде тегін тамашалауға болады.