Атырауда Kundelik.kz қолданушыларының саны 3 есе артты

Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жоба білім сапасын арттыру, бақылау және екі жақты байланыс орнатуға бағытталған. Ата-аналар балаларының оқу  үлгерімін мектепке келмей-ақ, электрондық күнделік арқылы бақылай алады. Сайтта бұдан өзге әдістемелік әдебиеттермен қоса, түрлі кеңес пен ақпарат жүктелген.

Бүгінде электрондық күнделік жүйесін қаладағы 57 мектеп пайдаланады. Қалада 58 700 оқушы білім алса, бұл көрсеткіш — жалпы оқушы санының 83%-ы. Жыл соңына дейін пайдаланушылар санын 100 %-ға жеткіземіз. Қағаз түріндегі журналды пайдаланбау туралы министрліктен арнайы бұйрық бекітілген болатын. Электрондық күнделік арқылы ата-аналар сабақ кестесін, өткізілетін шаралар мен ашық сабақтар туралы біліп отырады. Бұл сайт — ата-ана мен мұғалім арасындағы байланысты орнататын жүйе, —  дейді Атырау әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи.

Kundelik.kz жүйесі 2016 жылдың 1 қыркүйегінде іске қосылды.