Еліміздің батысында оңтүстік және оңтүстік шығыста күн жауын-шашын болады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Шығыста жекелеген аудандарда найзағай бақыланып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің 15-20, күндіз 25 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Республиканың солтүстік және орталық бөлігінде түнде және таңертең тұман және ызғар болуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде таңертең тұман болады, түнде желдің 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады.
Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Түнде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 1-3 градус ызғар болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігенде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі бар.