Басты бетЖаңалықтар"Ақсай" мешітінде...

«Ақсай» мешітінде жамағатпен кездесу өтті

25 тамызда Алматы қалалық дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Ақсай» мешітінде жамағатпен кездесті. Кездесу  «Дін мен дәстүр» жобасы аясында өтті.

Онда теолог, Қазақстан-Мысыр Ислам университетінің докторанты Асылтай Тасболат жамағатқа қазақтың ұлттық ерекшеліктері туралы айтты.

Жер бетінде 1,5 миллиардтан артық мұсылман бар. Әлемдегі ханафи жолындағы мұсылмандар саны шамамен 850-900 миллион ғана, ал қазақ халқының саны 10 миллионнан ғана асып жығылады. Демек, дін ұлттың негізгі критерийі емес, әр халықтың бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін қайталамайтын өз ұлттық ерекшеліктері бар. Қазақты қазақ етіп тұрған — өзінің ұлттық генефонды, — деді Асылтай Тасболат.

Бұған дейін «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің өкілдері Алматыда қалалық дін істері жөніндегі басқарманың тапсырысымен базарлар намазханасында жамағатпен кездесу өткізіп, діни сауаты нашар екі азаматпен оңаша әңгімелескен еді.