Теңгенің құнсыздануы әуе билеттерінің бағасына әсер етпейді

Министрдің мәліметінше, әуе билеттерінің бағасына әсер ететін екі негізгі фактор, соның бірі - авиакеросин бағасы қазір тұрақты.

Теңгенің құлдырауы ұшақ билеттерінің бағасына еш әсер етпейді. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осылай деп мәлімдеді.

Министрдің пікірінше, бағаның шарықтауына әсер ететін факторлар әзірше тұрақты.  Сондықтан әуе және теміржол билеттерінің қымбаттауына негіз жоқ.

Билет құнына не әсер етеді? Алдымен ол, әрине, авиакеросин және, екіншіден, лизингте ұшақтары болса. Бүгін авиакеросиннің бағасы тұрақты. Егер ол тұрақты болса, билет бағасы да тұрақты болады деген сөз. Былтыр, мысалы, жанармай тапшылығы болған еді, бірақ ол билет құнына әсер еткен жоқ. Оның үстіне біз келер жылы әуе жанармайына деген тапшылықты толық жоямыз деп отырмыз, — деді Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетейік, сейсенбі күні Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі әуе қызметінің құны былтырмен салыстырғанда 18,5%-ға жоғарылағанын айтқан еді.

ДереккөзAstanatv.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз