Басты бетЖаңалықтарАлматының Наурызбай...

Алматының Наурызбай ауданында 1200 орындық мектеп ашылды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданында таяуда ғана пайдалануға берілген 1200 орындық мектептің оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесті.

Жаңа оқу орнында робот техникасы кабинеттері, физика мен химияның арнайы  сыныптары, ата-аналардың қонақ бөлмелері, ойын алаңдары және басқалары бар. Мектепте сейсмикалық қауіпсіздікке ерекше мән берілген, сондықтан жабдықтар мен мектеп жиһаздары қабырғаларға мықтап бекітілген.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Мектеп ғимараты тактильді жолмен, зағип және арнайы шырақтардың өзімен әрең көретін балалар үшін Брайльдің рельефті-нүктелі шрифтері арқылы дәріс беретін сыныптармен, арнайы санитарлық бөлмелермен және шақыру батырмаларымен толық қамтамасыз етілген.

Мектеп Барынша қолайлы. Арбамен жүруге еш кедергі болмау үшін лифт жұмыс істейді. Біз осыдан төрт жыл бұрын Қытайдан туған жерімізге оралған болатынбыз. Өкінішке қарай, менің қызым сияқты балалардың онда білім алуына еш мүмкіндік жасалмаған. Мен туған еліме оралуды, қызымның Қазақстанда білім алуын армандадым. жат жұрттан келсек те бізді ешкім өзгелерден бөлген жоқ, қайта құшақтарын ашты. Елімізде балалардың білім алуы үшін барлық жағдай қарастырылған, осы үшін Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін. Енді қызымның өз аяғымен тік тұрып кетуін армандаймын

, — деді бірінші сыныпта оқитын Гүлбибі Молдасанның анасы.

Бүгін 240 мыңнан астам алматылық оқушы үшін алғашқы қоңырау соғылды, олардың 25 мыңы — бірінші сынып оқушысы. Дәл осы күні Алматыда 2300 орындық тағы төрт жаңа мектеп ашылды.

Алматыда биыл білім ошақтарын салу мен күрделі жөндеуден өткізуге 17 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Онымен қоса 1840 орындық 9 мемлекеттік балабақша құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылында 840 орындық тағы төрт мемлекеттік балабақшаның құрылысы басталады.

Сонымен қатар №26 мектептің ескі ғимараты жаңарды және 90 орындық коррекциялық балабақша ашылды. Алатау ауданындағы №151 мектептің жанынан салынған 600 орындық қосалқы нысан пайдалануға берілді. Оқу жылының екінші тоқсанының басында мұнда 600 орындық мектеп пен №184, 185 мектептер жанынан әрқайсысы 400 орынға арналған қосалқы нысандар ашылады.

Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында Алматыда соңғы 3 жыл ішінде 37 жатақхана салынады. Қазірдің өзінде 4 мың орындық 7 жатақхана құрылыстары басталды. Олардың төртеуі биыл пайдалануға беріледі.