“Буллинг” сөзі осы уақытқа дейін ата-аналар мен мектеп оқушыларының арасында көп қолданылмағаны анық. Алайда соңғы кездері өршіп кеткен мектептегі мазақтау, бопсалау, кемсітулер жаңа термин енгізуге мәжбүрледі. Бұл тек біздің елдегі тенденция емес, буллингпен бүкіл әлем мектептері күреседі.

Сонымен қандай жағдайда дабыл қағу керек, ал қандай жағдай – жай ғана социализация? Өйткені адам қоғамның бір мүшесі ретінде дамимын десе, конфликттен құтыла алмайтыны сөзсіз. Ал егер де:

  • кемсіту, бопсалау, зорлық-зомбылық күн сайын болса,
  • адам күйзелісте жүрсе,
  • суицид туралы ой келсе,
  • өз-өзіне жарақат келтірсе,
  • басқа мектепке ауыстыруын өтінсе,

шұғыл қол ұшын созу керек. Мұндай жағдайда көмек агрессия көрсету деген сөз емес. Конфликттің түп себебін анықтау керек. Көп жағдайда ситуацияға кірігу емес, адамға дұрыс кеңес беру қажет:

  • Ата-ананың басынан өткені арқылы балаға ақыл айту;
  • Адамға өзінің түр-әлпетіне, сөйлеу мәнеріне дұрыс баға беруге көмектесу;
  • Бірге отырып жағдайды талқылау, неден басталғанын, себебін артық эмоциясыз бірге түсіну. Қажет болса, бірге психологқа бару.

Ең бастысы, егер сіз ортаңызда буллингке ұшырасаңыз, ол тек сізде бар үлкен проблема деп қарамаңыз. Кез келген адам өмірінде өзін сенімсіз, ортақ стандарттан тыс сезініп көрген. Солардың бірін біз ашық сұхбатқа тартып, мектептегі естеліктерін сұрадық.

Еліміздегі үш танымал жас тұлға – бүгінде өз ойы, өз тыңдарманы бар. Алайда жетістік жолының басы – мектеп кезі оларға оңай тимеді. Кейіпкерлеріміз мектептегі буллингтен қалай құтылды? Оларға не көмектесті? Видеоны соңына дейін көріп, сіз де өз оқиғаңызды айтып беріңіз, қымбатты оқырман!

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!