Басты бетЖаңалықтарАқтөбеде жолақы...

Ақтөбеде жолақы қымбаттайды

Ақтөбеде жолаушылар тасымалымен айналысатын екі компания жолақыны 200-212 теңгеге қымбаттатуды сұраған. Бүгін депутаттар жолақы құнын 80 теңге етіп бекітті.

Ақтөбе қалалық мәслихаты жолақы бағасын бекітті. Қыркүйек айынан бастап жолақы 80 теңге болады. Зейнеткерлер мен Чернобыль және ауған соғысы ардагерлері қоғамдық көлікте 60 теңгемен жүре алады. Балалар билеті 40 теңге. Келісім бойынша І топ мүгедектері, ҰОС ардагерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер мен тыл ардагерлері тегін жүре алады,

— деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руслан Төреғали.

ДереккөзInform.kz