Басты бетЖаңалықтарӘсет Исекешев...

Әсет Исекешев автобустарға қатысты қайда шағымдану керек екенін айтты

Азаматтардан қаладағы бағытты автобустар жұмысына қатысты келіп түсетін шағымдар бойынша жылдам әрекет ету үшін Астанадағы «109» кезекші қызметі «Астана LRT» call-орталығының функциясын өз мойнына алды. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев хабарлады.

«Мұнда 16 секундта қоңырау шалуға болады. Сондықтан оған «Астана LRT» көлік қызметін қосып отырмыз. Шағымдар көп түседі. Бүкіл орталық барлық қалалық қызметке жұмыс істейді», — деді әкім Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен «109» қызметі кіретін iKomek мониторинг және шұғыл басқару қалалық орталығында өткен кездесуінде.

Әсет Исекешев орталық қоңырауларды ғана емес, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы келіп түскен өтініштерді де өңдейтінін айтты. Әлеуметтік желілерде шағымдарға орташа есеппен 10 минутта жауап берілмек.

«Бізге «109» қысқа нөмірі арқылы, әлеуметтік желілер, Telegram-канал және чат-боттар арқылы да хабарласады. Біз өтініштерге әрекет етіп, оларды жауапты қызметтердің орындауына жібереміз. Жуырда LRT қызметін біздің call-орталыққа қостық. Шағым көп болды, хабарласу мүмкін болмай қалды. Енді қысқа нөмірге ұялы телефоннан да қоңырау шалып, өтініш қалдыруға, көлікке шағым түсіруге болады», — деді орталық жетекшісінің орынбасары Аңсар Көжебаев.