Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Нұрсұлтан Назарбаев: Сириядан оралатындарды ұдайы бақылауда ұстау керек

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Президентке сыртқы барлау қызметінің биылғы 6 айда атқарған жұмысының негізгі нәтижелері және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттермен достық қатынастарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

«Шет елдердің арнаулы органдарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта болу қажет. Террористік идеяларды ұстанатындарды, соның ішінде Сириядан оралатындарды ұдайы бақылауда ұстау керек. Бұл сіздер атқаратын жұмыстың негізгі бағыты саналады», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version