«Соңғы былық»

Шығарушы мемлекет: Жапония

Режиссері: Такеши Китано

Ұзақтығы: 104 минут

Рөлдерде: Такеши Китано, Тосиюки Нисида, Тацуо Надака, Рен Осуги

Жанры: драма, криминал

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Якудза басшысы болған Отомо зейнетке шығып, тыныш өмір сүру үшін Чеджу аралына аттанады. Бірде оған Ханабиси әулетінің якудзасы қонаққа келіп, Отомоның көмекшісін өлтіреді. Әділдік орнату үшін Отомо қолына қайта қару алуға мәжбүр болады. Қылмыстық драманың немен аяқталады екен? Отомо әділдік орната алды ма? Фильмнен көрейік.

«Слендермен»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссері: Сильвен Уайт

Рөлдерде: Джои Кинг, Джулия Голден Теллес, Жасмин Сабино, Анналиса Бассо

Жанры: хоррор, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Слендермен жайлы қорқынышты хикаялар жиі айтылады. Оның рас-өтірігін ешкім білмейді. Оның бет-бейнесі де, түпкі мақсаты да белгісіз. Тек кішкентай қалашықтың тұрғындары соның кесірінен із-түссіз жоғалып жатқаны анық. Мұның сырын кейіпкерлер анықтауға тырысады.

«Альфа»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссері: Альберт Хьюз

Рөлдерде: Коди Смит-Макфи, Наташа Мальте, Леонор Варела, Йенс Хультен, Патрик Флэнеган

Жанры: драма, шытырман

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Оқиға Жер жиырмасыншы мыңжылдықты кешіп жатқанда болған. Жер бетін мұз басып жатқан заманда қауіп көп. Жақындарынан бөлек қалған жас аңшы үйіне барар жолды іздейді. Жолда жаралы қасқырды жолықтырады. Бұл кездесу үлкен достықтың басталуына себеп болады. «Бөрі баласын қанша асырасаң да айға қарап ұлиды» деген тұжырым қаншалықты рас? Адам мен қасқырдың достығы берік болар ма екен? Жауабын фильмнен табуға болады.

«22 миля»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссері: Питер Берг

Рөлдерде:Марк Уолберг, Лорен Кохэн, Ико Уйас, Ронда Раузи, Карло Альбан

Жанры: триллер, боевик

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

CIA агенті және Индонезия полицейі мемлекеттік биліктегі сыбайлас жемқорлық туралы деректер алып, оны Еуропалық сотқа аман жеткізу үшін елден қашып шығуға тырысады. Мұның оңай шаруа емес екені белгілі. Құтқару ұшағына дейін ол адам өміріне қауіпті 22 миль қашықтықты жүріп өтуі керек. Бұл агенттің қолынан келер ме екен?

«Көгілдір игуана»

Шығарушы мемлекет: Ұлыбритания

Режиссері: Хади Хаджейг

Рөлдерде: Сэм Рокуэлл, Бен Шварц, Саймон Кэллоу, Фиби Фокс

Жанры: комедия, мелодрама

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Бүгін прокатқа тек атыс-шабысқа толы фильмдер емес, комедия да шығады. «Көгілдір игуана» комедиясында түрмеден шыққан Эдди мен Пол есімді айырылмас достар жаңа тапсырма алады. Жігіттер Лондонға барып, «Көгілдір игуана» атты гауһартасты ұрлап әкелуі керек.

«Ханшайым мен айдаһар»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссері: Марина Нефедова

Рөлдерде: Ани Лорак, Ирина Киреева, Сергей Смирнов, Василий Дахненко

Жанры: мультфильм, фэнтези

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Кинотеатрдың кішкентай қонақтарына да базарлық бар. Ертегілер әлеміне баруды армандайтын жас ханшайым Варварамен бірге шытырман оқиғаларды бастан кешіру үшін «Ханшайым және айдаһар» мультфильмін көру керек.

«Вилли және көліктер»

Шығарушы мемлекет: Малайзия

Режиссері:  Юсри Абдул Халим

Рөлдерде:  Гэвин Яп, Фрэнсис Ли, Брок Пауэлл, Джей Шелдон

Жанры: мультфильм

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Кинотеатр бүгін балаларға арналған тағы бір мультфильммен толығады. «Вилли және көліктер» мультфильмінің басты кейіпкері Вилли – спорт көлігі, оны жарыстарда керемет табыс күтіп тұрады. Алайда соңғы жарыста Вилли өзенге құлап, жарақат алады. Оған енді жарыс жолына шығуға болмайды. Осылайша Вилли қарапайым такси жүргізушісіне айналады. Бірақ, итальяндық көлік Белламен кездескен соң, оның өмірі өзгеріске ұшырайды.