Дін істері мемлекеттік саясатын іске асыруда екі басқарма бірлесе қызмет етпек

Дін қатынастары бойынша Алматы қалалық дін істері жөніндегі басқарма басшысы мен ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Алматы облысының дін істері жөніндегі басқармасына жұмыс сапармен барды. Бұл туралы Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының мамандары хабарлады.

Фото: Айнұр Досжанқызы

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында «Парасат» консультативтік-әдістемелік орталығының директоры Индира Беркімбаева, «Қоғамдық процесстерді зерттеу және талдау орталығы» ҚҚ директоры Толғанай Мустафина және Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков, осы басқарманың ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Самат Қабылбеков болды.

Топ мүшелері Алматы облыстық дін істері басқармасына қарасты екі орталықтың жұмысымен танысты.

Фото: Айнұр Досжанқызы

Дін істері саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда Алматы мен Алматы облысының мамандары бұдан былай бірлесе қызмет етпек.

«Алматы облысы дін істері басқармасы» мен «Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды», — делінген  Алматы дін істері жөніндегі басқармасының хабарламасында.

Басқарма мамандарының мәліметінше, тараптар «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын», Қазақстан Республикасының 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету жөніндегі мемлекеттік бағдардарласын», сонымен қатар Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып, өзара бірлесе жұмыс істеуге келісті.

Айта кетейік, шілде айында Алматы көлемінде дін қатынастары және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру жұмысының жоспары бекітілген болатын. Сол жоспар бойынша оқу орындары, түзеу мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, базарлар мен халық көп шоғырланатын басқа да орындарда насихат жұмысы жүріп жатыр.