ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев индустриализация барысы туралы айтты.
«Мемлекет басшысы индустрияландыру жаңа технологиялар енгізудің жолбасшысы болуы керек екенін айтты. 2018 жылы біз цифрлық фабрикалардың жеті моделін құру жобасын іске асыруымыз керек. Жеңіс Махмұдұлы (Қасымбек — Инвестициялар және даму министрі), Дәурен Әскербекұлы (Абаев — Ақпарат және коммуникациялар министрі) және Асқар Қуанышұлы (Жұмағалиев — Премьер-министрдің орынбасары), сіздер мұны тағы бір қадағалауыңыз қажет. Қазір бұл бағытта жұмыс бәсең», — деді ол Үкімет отырысында.
Үкімет басшысы қазір қолда бар кәсіпорындарды жаңғырту қажеттігін айтты.
«Жарты жыл өтті, ал бұл бағыттағы жұмыс нәтижелері туралы бүгінгі баяндамаларда ол туралы айтылмады. Мемлекет басшысы айтқан негізгі мәселе — қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту. Кәсіпорындарды модернизациялау жоғары технологиялы өнім шығаруға мүмкіндік беретінін түсіну керек. Сонымен бірге біз кәсіпорындарды экспортқа бейімделу көрсеткішінің төмен екенін көріп отырмыз. Осыған назар аударуды сұраймын. Осының бәріне көңіл бөлу керек, Асқар Ұзақбайұлы (Мамин — Премьер-министрдің бірінші орынбасары) бақылауыңызға алыңыз», — деді Сағынтаев.
Еске салайық, Үкімет басшысы бұған дейін Астанадағы нөсер салдарын сынға алған елді.