«Интернетте «0-20-25», «5-19-25», «5-10-25» сынды түрлі акциялар пайда болды. Олардың шарттары «7-20-25» бағдарламасының шарттарына мүлдем сәйкес келмейді, бұл бағдарламалардың бізге еш қатысы жоқ. Кейін түсініспеушілік болмау үшін халықты мұндай акция мен жарнамадан сақ болуға шақырамыз», — деді ұйым өкілдері.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиені тек қана Центркредит, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK мен Еуразиялық банк бере алады.
Ал құрылыс компаниясы немесе тұрғын үй кооперативтері «7-20-25» бағдарламасымен несие бере алмайды.
«Қазір «7-20-25″ бағдарламасының шарттары нарықтағы ең тиімді ұсыныс болып отыр. Сондықтан, түрлі компаниялар президенттік бағдарламаның атын жамылып, өз өнімдерін өткізуге ұмтылып жүр. Біз нарықтың дамуын қолдаймыз, алайда олай халықты алдауға түбегейлі қарсымыз», — дейді «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.