Басты бет Жаңалықтар Қазақстандықтар қандай елдерге кетіп жатыр?

Қазақстандықтар қандай елдерге кетіп жатыр?

2018 жылдың 6 айында Қазақстаннан кетіп қалған адамдардың саны 14%-ға көбейген.

Фото: Аrgumentua.com

2018 жылы қазақстандық эмигранттар ең көп таңдаған елдер Ресей, Германия және АҚШ болды.

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті 2018 жылдың алты айы ішінде Қазақстаннан 17 171 адамның кетіп қалғанын хабарлаған еді.

Қазақстандықтар көшіп кеткен елдердің тізімінде бірінші орынды Ресей (15 688 адам) иеленеді. Екінші орында — Германия. Мұнда көшіп кеткен адамдар саны 1097-ге жетті.

Қазақстан азаматтары көп барып жатқан елдер үштігін АҚШ аяқтайды. Мұхиттың ар жағына 158 қазақстандық қоныс аударған.

Одан кейін Беларусь — 116 адам, Қырғызстан — 74 адам, Канада — 66 адам, Өзбекстан — 64 адам, Израиль — 50 адам, Қытай — 48 адам, Украина — 46 адам.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version