Басты бет Мәдениет Беларусь президенті Роза Рымбаеваға марапат табыстады

Беларусь президенті Роза Рымбаеваға марапат табыстады

Беларусь президенті Александр Лукашенко Витебскідегі «Славян базары» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімінде әнші Роза Рымбаеваға «Өнер арқылы бейбітшілік пен өзара түсіністікке» атты арнайы марапатын табыс етті.

Әнші бұл марапатты оның шығармашылығын мойындау деп ғана емес, Қазақстанның өнеріне құрмет көрсету деп қабылдайтынын айтты.

«Беларусь пен Қазақстанның қарым-қатынасы әрдайым жылы болған. Біз оны жылдар бойы сақтап қалдық», — деді Роза Рымбаева.

Қазақстанның xалық әртісі Роза Қуанышқызы барша халыққа бейбітшілік, тыныштық және бақыт тіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version