Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы 19...

Алматыдағы 19 автоұрының суреті жарияланды

Суреттегі қылмыскердің бірі полиция қызметкерлерінің ақпарат базасы бойынша 33 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тәжірибе жүзінде көрсеткендей, қылмыстық іске бір рет тартылғандар түзелудің орнына бұрынғы жолына қайта түседі екен.

«Біз автокөліктің ішінен немесе автобөлшектерді ұрлағандар жайлы тоқтамға келіп отырмыз. Ол тізімді ақпараттық-сараптамалық орталық осы жылдың басынан бері құрған. Қылмыстық жауапкершілікке кем дегенде үш рет тартылғандардың ғана тізімін жариялаймыз», — деді ІІД өкілдері.

автоұрылар
Фото: Tengrinews.kz

«Қылмыстың алдын алу үшін адамдар олардың түрін жатқа білуі керек деген тұжырымды алға тарттық. Алматының ішкі істер департаменті осыдан екі жыл бұрын қоғамдық жерлерде және көлік құралдарының ішінде жауапкершілікке тартылғандардың плакатын жария еткен», — дейді Алматы ІІД өкілдері.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұрлыққа қарсы күрес барысында қоғамдық айыптау нысанын тиімді пайдалану қажет.

«Біз ол нысанды мүмкіндігінше барынша пайдаланып, әлеуметтік желілерде және басқа да ақпараттық байланыс құралдары арқылы таратып жатырмыз. Өз кезегінде белсенді қала тұрғындары олармен күресу жолдарында көмегімен тигізіп жатыр», — деді полицейлер.

ДереккөзTengrinews.kz