Мерекеге орай Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы дәстүр бойынша спорт ардагерлерін құттықтап, қала қонақтарына Максим Горький атындағы орталық және мәдени саябағында түрлі шаралар ұйымдастырады.
Спорт мектептерінің жас спортшылары көптеген қызық ойындарға қатысып медаль, диплом, сыйлықтарға ие болады. Олар «бөтелкені құлату», «допты беру», «көпір», «шаңғы», «катамаран», «айсберг», «гол соғу», «кішкене жылан», «дыбыссыз», «жұп болып қапта жүгіру», «паровоз», «твистер жол» сынды ойындарға қатысады.
Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтар концерттік бағдарламаларға куә болып, саябақта көптеген ойын, байқауларға қатысып бағалы сыйлықтарға және велосипедке ие бола алады.
Шараның басталуы сағат 10:00-де.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қонақтар арасында апта сайын болатын Almaty Street Fitness тегін жаттығуылары өтеді. Fitness Blitz нұсқаушылары барлығына дұрыс нұсқау беріп, жаттығулардың түрлерін көрсетеді. Басталуы 09:00-де.
Бұл мереке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша 2003 жылдың 15 қарашасында бекітілген. Шараның басты мақсаты — еліміздегі спортты дамыту.