Kurs.kz мәліметінше, еліміздегі айырбас пункттерінде теңге біршама нығайды.
Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де айырбас пункттерінде доллар 362-363 теңгеге сатылды, сатып алу құны 363,8-364,5 теңге болды.
Астана уақыты бойынша сағат 09.05-те Brent маркалы мұнай құны барреліне 72,27 доллар болды.
14 тамыздағы KASE қор биржасының сессиясында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 363 теңге болған еді. Ал одан бір күн бұрын айырбас пункттерінде теңге долларына 367 теңгеге дейін әлсіреді. Ұлттық банк төрағасының орынбасары теңгенің рубльге қарағанда тұрақты екенін хабарлады. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңге бағамының ауытқуына қатысты қазіргі ахуал девальвация емес екенін мәлімдеді.