Жазғы лагерь білім ошақтары басшыларының кәсіби шеберлігін арттыру, білім менеджментіндегі жаңа теxнологияларды таныстыру, «Руxани жаңғыру» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын тәрбие үрдісінде жүзеге асыру, Назарбаев зияткерлік мектептері тәжірибелерін жалпы білім беретін мектептерге енгізу мақсатын көздеді.
Лагерь барысында мектеп басшылары «EDTECH-KZ» xалықаралық білім беру орталығының бас директоры, xалықаралық деңгейдегі псиxолог Ғ.Бейсембаевтың, «USTAZ» кәсіби білім беру орталығының бас директоры Ә.Игенбаевтың, аталмыш орталықтың академиялық директоры Н.Иманғалиевтың білім саласындағы жаңашыл идеяларын тыңдап, ой бөлісті.
Лагерь жұмысы аясында зияткерлік мектеп мамандарының ұйымдастыруымен «READx» жобасы өтті. Жоба ережесі бойынша спикерлер оқыған кітаптарының қысқаша мазмұнын айтып, өздеріне әсер қалдырған тұстарына тоқтала отырып, оқыған кітаптарын оқуға ұсынды.
Атап айтқанда, 12-сынып оқушысы Азиз Талапов Теодор Драйзердің «Финансист», 9-сынып оқушысы Альфия Бересова Чарльз Диккенстің «Крошка Доррит» шығармалары туралы сөз қозғаса, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әсел Жақыпжанова Қалқаман Әбдіқадыровтың «Қажымұқан», тарихшы Сабыр Ирғалиев Александр Бектің «Волоколамское шоссе» еңбектерінің мазмұнын талдады.
Басқосуға облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 100-ден аса директор белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереевамен, танымал ұстаз-ғалым Шолпан Қыдырниязовамен кездесу кештерін өткізді.
Лагерь соңында облыстық білім басқармасы мектеп басшыларына, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілеріне арнайы сертификаттар табыстады.